81 жастағы "бейнеткер" немесе дәрігерге дәрігер керек

4945
Adyrna.kz Telegram

Өскемендегі медициналық жедел жәрдем мемлекеттік мекемесінде 1939 жылы туған 81 жастағы орыс кемпірі дәрігер-эксперт болып жұмыс істейді екен.
Ең қызығы ол мекемеде 70-80 жас аралығындағы тағы бірнеше зейнеткер жылы орнынан қоштасқысы келмей әлі қызметінде жүріп жатыр. Сонда бұл қалай болғаны? Мемлекеттің заңы бұларға жүрмей ме? Қаншама жастар жұмыс таба алмай сандалып жүр.
Былтыр осы мәселе әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. ШҚО облыстық денсаулық сақтау басқармасы тексеріс жүргізіп екі зейнеткерді жұмыстан босатыпты. Ал қалған зейнеткерлерді орындарына жас мамандар табылмауы себепті уақытша ұстай тұруға мәжбүр екендіктерін жазған. Одан бері 1 жыл уақыт өтіп, әлгі зейнеткердің 80 жас мерейтойын да атап өтіп үлгеріпті. Орнына маман табылмайтындай бұл неғылған қызмет соншама?
Ал "бейнеткерлер" болса еңбек туралы заңның еш қатысы жоқ сияқты жұмыс орнын ешкімге бергілері келмейді.
Бұл қаусаған қарттарды сый-сияпатын жасап зейнеткерлікке шығарсын.

Төлеген Жақсылық, 

Өскемен қаласы

Пікірлер