Етті экспорттауды тоқтату керек!

3385

Осы айтқышбектер қатын өсек сөздерін қашан қояды деймін да. "Президент бокал ұстамады, шырша жоқ, ән ұран айтылды, керемет" деген бос сөздерден құлақ сарсыды. Енді қанша күн сөзге тиек болар екен? Айтайын дегенім бұл емес, айтайын дегенім мынау.👇
Елде қымбатшылық жайлады, жұмыссыздық артуда, ұры-қары көбеюде. Алқаштар мен бомждар саны артты. Тұтас қоғамды күйік шалды.
Қазіргі таңда қазақстанның ауыл-шаруашылық өнімдерін шетке экспорттауды жолға қойды. Бидайымызды алып айтпағанда етті экспорттау деген барып тұрған сорақылық. Елбасымыз ресейге 60 мың.тонна ет өткізуге уағдаласты. Соған орай әр облысқа 60 мың.тонна етті бөліп міндеттеп тастады. Соның ішінде Алматы облысына 6 мың.тонна ет өткізу міндеті жүктелді. Ол міндетті өтеп респуликаның алдына шыққаны белгілі. Экспорттың салдарынан елімізде мал басы күрт кеміп ет бағасы 1100 тг- ден 2200тг-ге дейін шықты. Онымен қоса жыл бойы Өзбекстанға өткізілді.
Ендігі қорқыныш, қазақстанның етін алып көрші қытайға өткізу болып тұр. Қазірден міндеттеліп те жатыр. Өздеріңіз білесіздер қытайда өңірлерге байланысты ет бағасы 3700тг- 5000 тг-ге дейін барады. Олар біздің етті алатын болса қанша малың болса да қымбат бағада ала алады, әрі оларды етпен қамтамасыз етуге қазақстанның мал-шарушылығының қауқары жетпейді.
Егер осы қарқынмен кететін болса жарты жылда соярға тышқақ лақ таппай, еттің бағасы шарықтап 2500 тг-ден асып халық құрт-құмырсқа теріп кете ме деген қауіп бар.
Дәл қазіргі кезде 1 жасқа толмаған семіз бұзаудың өзін 200 мың теңгеден кем ала алмайсыз. Бұл деген сөз 90-100 мың теңгелік жалақымен отырған басым көп мем қызметкерлер екі айлық жалақысын жинаса да бір бұзау сойып жей алмайтындығы халықтың арқасына аяздай батып тұр.
Ал енді ет бағасы 2500 теңгеден асса етсіз өмір сүре алмайтын халық қалай, не жеп өмір сүрмек? Қарайған макароныңның өзі майсыз, етсіз қалайын деп тұр.
Ол аздай өкімет малға берілетін субсидияны азайтып, қысқартып жатыр. Бұл ішкі өндіріссіз отырған қазақ қоғамын малдан айырса одан әрмен тентіреуге апаратын тіке жол болатыны анық.
Біз кім үшін, не үшін, қандай жоспарда, қандай мақсатта өмір сүріп, кім үшін жұмыс жасап жатқан елміз? Кейде түсінбей қаламын!!!
Сонда әкімдер де тек міндет орындауға ғана жұмыс істеп халықтың жағдайымен шынымен санаспайтыны ма? Көріп тұрып неге жоғарыға ұсыныстар айтылмайды?
Менің ойымша, етті экспорттау дегенді мүлде тоқтатуымыз керек. Ол үшін қазақстан бойынша мал басы 25 млн-нан аспай шетке шығаруға шектеу қоюға тиіспіз.
Амандық Баталов мырза, осы экспорт мәселесін қолға алып, қайта қарастырып көрсеңіздер. Жан-жақтылы зерттелсе дейміз...
Осындай қымбатшылықты қолдан жасап отырып халыққа мін тағу да санаға сыймаса керек.

Мұхамедқали Ұлықпанұлы,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket