Путин импичмент туралы оны "Ойдан шығарылған" деп "ресми нұсқаулық" беріп еді, украиндық және әмірикандық трампшылдар: "Міне, көрдіңдер ме?" дегендей Фб бетін жайлап, жан-жаққа таратып жатыр.
Дұрысында былай.
Импичмент юридикалық тұрғыдан абсолютті түрде заңды, легитимді. Оған барлық ірі заңгерлер, адвокаттар, прокурорлар ассоциациясы өз қорытындыларын берген. Қорытынды – импичмент әділ, юридикалық негізі жеткілікті, Конституцияға сәйкес, Өкілдер Палатасының регламенті бойынша еш кінәрәт жоқ, таза деп берілген.
Әрі қарай.
Импичиент – тек қана Өкілдер Палатасының прерогативасы. Тек сол ғана импичмент жариялау құқына ие. Сенаттың бұл жерге еш қатысы жоқ.
Әрі қарай.
Импичмент орын алды және ол – мәңгілік. Тюбиктегі паста сияқты – кейін қарай қайта тыға алмайсың.
Импичментті Өкілдер Палатасында қайта дауысқа сала алмайсың. Оның күшін жоя алмайсың. Тіпті Жоғарғы сот та – оған ешқандай апелляция жүрмейді. Ол аннулированиеге жатпайды. Кейін қайтара алмайсың. Өшіре алмайсың. Жылдар өте келе ұмытылмайды.
Әрі қарай.
Сенат та оған ештеңе жасай алмайды, өзгерте алмайды – импичмент жарияланды және ол аяқталған әрекет! Сенат оны бекітпейді, жалпы импичмент сөзінің Сенатқа еш қатысы жоқ. Егер тіпті Палата істі Сенатқа бермесе де ол іс уақыт өте келе нөлге айналып кетпейді.
Әрі қарай.
Сенат президентті ақтауы мүмкін, тіпті орнында қалдыруы да мүмкін, бірақ бұл импичменттің күшін жою емес, ол мүлдем басқа процедура. Импичмент жүзеге асты және ол ел тарихына, президент резюмесіне мәңгілік енді. Өттерің жарылып кетсе де шындық осы.
Осындай жағдай.
Олег Пономарь.
Қуаныш Еділхантегінің Фейсбук парақшасынан