Қайрат Лама Шариф: Хиджаб кию ұлттық болмысымыздың жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін

2699
Adyrna.kz Telegram

«Қазақстандықтардың хиджаб киюі ұлттық болмысымыздың жойылуына әкеп соқтыруы мүмкін»,- деп есептейді ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф. Оның пікірінше, хиджаб кию адамның мұсылман немесе мұсылман емес екенін айқындайтын басты белгі болып табылмайды. «1981 жылы қабылданған Тунис заңында хиджаб ислам құндылығының негізі емес екені, арабтардың, бедуиндердің мәдениетіне көбірек негізделгені айтылады», – деп атап өтті Қ. Лама Шариф.

«Біздің елдің әйелдеріне мұсылман елдеріндегідей хиджаб киюге рұқсат бере отырып, біз ұлттық болмысымызды жоғалтуға жол ашамыз, – деп есептейді ол. – Қазақстанда бар-жоғы 10 миллион және шетелдерде бірнеше миллион ғана қазақ бар, сондықтан, ең алдымен, біз ұлттық салт-дәстүрімізді сақтауымыз керек, ал, екіншіден, біз әрқашан патриотизм туралы ойлануға тиіспіз. Менің жеке пікірім – хиджаб кию исламның бірінші белгісі деп айтуға себеп бола алмайды».

 

 

Пікірлер