Тәуелсіздік мерекесін салтанатты түрде атап өтті

3444
Adyrna.kz Telegram

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті ең ұлы да, қастерлі мереке болып саналатын – еліміздің Тәуелсіздік күнін салтанатты түрде атап өтті.
Ең алдымен салтанатты шараның ашылуы Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.
Баршаңызды Ұлы дала елінің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 28 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Қазақ елі тамырын тереңге жайып, өрісін кеңейтіп, кемелдене түсті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Бізге маңызды болып саналатын Тәуелсіздік күні, кең байтақ даламыз ата-бабаларымыздан қалған мұра және бізден кейін келе жатқан ұрпаққа аман-есен, төрт жағы түгел болып берілетін аманат. Осы мерекеде әрбір шаңыраққа – береке, елімізге – тыныштық тілеймін. Еліміздің ұлық мерекесі құтты болсын! Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін – деді мерекелік шара барысында ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов құттықтау сөзінде.


Сондай – ақ, мереке аясында Көлік комитетінің қызметкерлерін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және Көлік комитеті төрағасының Алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі болып өтті.


Онда, ҚР ИИДМ басшысының Алғыс хатымен Ахуалдық орталықтың басшысы Қ. Ермұханов, Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы А.Төлеген және Кадр жұмысы басқармасының сарапшысы Н. Ыбрашева марапатталды.


Сонымен қатар, ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының Алғыс хатымен Автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының бас сарапшысы С. Гумаров және Ахуалдық орталықтың сарапшылары А.Түлемісов пен Д. Сакенұлы марапатталды.


Шара соңында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған Көлікті цифрландыру басқармасының бас сарапшысы – Д.Хасенов, Ахуалдық орталықтың сарапшысы – Ж. Үрімбетова және Заң жұмысы басқармасының сарапшысы – Ү.Ыбыраева сынды мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады.

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер