Бренд және маркалардың көшірмелері туралы

239

Бір шәкірт “белгілі брендтердің көшірмелерін (подделка) сатып алудың, сондай нәрселерді киюдің үкімі қалай болады?”- деп сұрады.
Осы заманда бренд, марканың болмаған жері жоқ. Киім, көлік, жиһаз, телефон, техника, химия, компьютер бағдарламалары, құрылыс заттары, қонақүй, ұшақ, тіпті кейбір адамдар өздерін бренд ретінде қабылдайды. Және сол брендті қалыптастырумен жарнамалау үшін қыруар қаражат және уақытын жұмсайды.
Бұның нәтижесінде ол брендтер тауар белгілеріне, авторлық құқыққа т.б. мүліктік құқықтарға ие болады. Яғни ол брендта біреудің мал-мүлкі болып есептеледі.
Сондықтан қазіргі ислам ғұламалары сондай брендтердің көшірмелерін (подделка) сатуға, сатып алуға, пайдалануға, киюге тиым салған. Себебі, құл ақысын жеу болып есептейді.
Құл ақысын жеу болса, сол ақының иесі кешірмейінше Құдайдың өзі кешірмейтін күнә болып есептеледі!
Ал сондай киіммен намаз оқу макрүһ дейді қазіргі дін ғалымдары.
Біле тұра, оригинал болмаған затты оригинал деп сату мүлде харам екен.

Кейбір батыс елдерінде оригинал емес, көшірме тауарлармен ұсталған адамға айыппұл салынады екен.

Теолог Асқар Сабдин

Пікірлер