Қатеге толы каталог

2529
Adyrna.kz Telegram

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 8&8 ЖШС-сі "Қазақ хандығының жылнамасы" атты каталог әзірлеген екен. Каталог іші қатеге тұңып тұр.

Каталогта Қазақ хандығының туы деп биылғы жылғы кереге сипатындағы мерекені тойлау белгі-нышаны (эмблема) беріледі. Одан бөлек, казақ руларының таңбасы көне түрік таңбаларын жариялаған. Ондағы мәтіннің өзі адам түсініп болмайтын дәрежеде қателікке толы. "Аңыз бойынша, "Жетімсіз даладағы Таңбалы Нұра деген жерде жүздердің барлық руларының таңбалары тасқа ойып түсірілген. Таңбаға байланысты таластар немесе қазақ руларының арасындағы дәмегөйлік бола қалған жағдайда, онда ақиқатты айқындау үшін осы жартасқа келіп жүрген..." делінген мәтіндегі орашолақ сөйлемдер бірден көзге ұрады. Көне Сығанақ қаласының орны деп мүлде басқа қаланың қирандыларының суретін берген екен.

"Қазақ құрылтайы" деген суретке қарап тұрып тақыр жерге дөңгелене отырған оншақты адамдардың астынан сыз өтпеді ме екен деп уайымға қаласыз. Алдыларында ас түгіл, дастарханы жоқ олар мал бағып жүріп кездесіп қалған шопандар емес пе екен деп те бір ойлап қоясыз. Қысқасы, каталог қазақ тарихын мазақ қылылуға ұмтылған каликатура тәрізді әсер қалдырады.

Каталог соңында "құрастырушылар: Кругликова Светлана Владимировна, Песина Елена Маркона, бас редактор: Г.К. Колосова, суретші: М.Б.Сопыбеков, Қазақ тіліне аударғандар: М.Б.Жакиянов, Е.Қ.Қойбағаров" деп берілгенБұл каталогқа Қазақ хандығына қатысты әлдебір конференцияда кездестік. Ондағы ғалымдар каталогты көріп, қайран қалды. Құрастырушыларға сын пікірлерін қарша боратты. Ең сорақасы, каталогты құрастырушылар ғалымдардың пікіріне құлақ асуға мүлде пейіл танытпады.


Арман Әубәкір 

 

 

 

Пікірлер