Иран мен Израиль қақтығысы. Соққы салдарынан қаза тапқандардың саны артты

1772
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_3419-960x500.jpeg?token=ebe1d4fed88407859cfce5b984f233ed
Иранның 15 маусымға қараған түні жасаған қос шабуылы салдарынан Израильде 200-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW-ға сілтеп. Израильдің медицина қызметкері Маген Давид Адомның айтуынша, алғашқы шабуыл кезінде бір отбасының төрт мүшесі көз жұмған. Кейінгі соққы салдарынан тағы төрт адам қайтыс болды. Құрбандардың арасында сегіз және он үш жастағы екі қыз бала бар. Израильдік БАҚ мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта тағы 35 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр. Айта кетейік, бұл — Иранның Израильге жасаған екі мәртелік әуе шабуылының салдары.
Комментарии
Другие материалы