Бортта 242 адам болған. Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

1043
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_3348.jpeg
Ахмедабад–Лондон Gatwick бағытындағы Вoeing 787‑8 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 12 маусымда Air India рейсі AI171 Dreamliner ұшағы Сардар Валлабхай Патель әуежайынан бірнеше минут ішінде Meghaninagar маңында құлауынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны әлі нақтыланбаған. Ұшу уақыты шамамен 13:38 болған. Ұшақта 242 адам отырды. Оның ішінде 230 жолаушы және 12 экипаж мүшесі бар. Алайда кей БАҚ беттерінде жолаушылар саны 290 адам деп көрсетілен. Апатқа ұшыраған Boeing 787‑8 Dreamliner ұшағы ең алғаш рет 2013 жылы ұшқан. Қазір оқиға орнына 7 өрт сөндіру бөлімі, бірнеше жедел жәрдем жеткен. Қоршалған аймаққа «жасыл дәліз» ұйымдастырылып, зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу ұйымдастыруда. Үндістанның ішкі істер министрі Амит Ша, азаматтық авиация министрі Ram Mohan Naidu оқиға орнында және үкіметтік департаменттер ұшақ құлаған жерде жүр. Үндістанның Азаматтық авиация басқармасы (DGCA) және Boeing компаниясы апат себебін анықтауға кірісті.
Комментарии