Шымкент қаласында бұрын сотты болған екі азамат мүмкіндігі шектеулі такси жүргізушісіне шабуыл жасағаны үшін түрмеге қамалды. Бұл оқиға «Көктем» базары маңында орын алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Тергеу мәліметінше, Жасұлан Бакиров пен Максат Тасболатов такси қызметін пайдаланып, сапар соңында жүргізушіге тап берген. Олар көліктің терезесін сындырып, жүргізушіні соққыға жыққан. Жәбірленушінің есту және сөйлеу қабілеті шектеулі екені белгілі болды. Қаскөйлер екі мобильді телефонды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Алайда көп ұзамай полиция оларды қолға түсірді.
Сот үкімімен Жасұлан Бакиров
ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 2-бөлігі, 1 және 3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайласы Максат Тасболатов 3 жылға сотталды. Айта кетейік, Бакиров 2019 жылы тонау фактісі бойынша, ал Тасболатов 2024 жылы ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын.
Сот отырысында екеуі де кінәсін мойындап, зардап шеккен тарапқа келтірілген материалдық шығынды өтеген. Соған қарамастан, қылмыстың ауырлығына байланысты олар жазаларын қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемелерінде өтейтін болады.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз