Депутатқа не жорық? Мәжіліс терезені ақы төлеп қараңғылауға рұқсат сұрады

1260
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/whatsapp-image-2025-05-31-at-18.48.05-960x500.jpeg?token=f8b95490d48ec405691fe3e966c718bf
Қазақстанда алдыңғы бүйірлік терезелерді қараңғылауға (тонировка) ақылы түрде рұқсат беру ұсынылуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Осындай бастама көтерген Мәжіліс депутаттары Ұлттық экономика министріне ресми сауал жолдады. Олардың сөзінще, мұндай шешім жыл сайын бюджетке 50 миллиард теңгеден астам табыс әкелуі мүмкін. Мәжіліс депутаттарының бастамасына байланысты ішкі істер министрлігі пікір білдіріп, мәселені талқылауға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлімдеді. "Бұл мәселе шынымен көтерілді. Қазір бұл бастаманы жалпы қолдау немесе қолдамау жөнінде кең ауқымды талқылау өтеді, — деді ол. Бұған дейін әкімшілік полиция комитеті алдыңғы терезелерді қараңғылауға мүлдем қарсы екенін ашық мәлімдеген болатын. Олардың айтуынша, бұл қауіпсіздікке қатысты мәселе, сондықтан тонировкаға рұқсат беруге болмайды — тегін де, ақылы түрде де. Айта кетейік, Кеден одағының техникалық регламенті алдыңғы бүйір терезелерге жарық өткізгіштігі кемінде 70% болған жағдайда қараңғылауға рұқсат береді. Бұл талап Қазақстанда да техникалық тұрғыдан қолдануға мүмкіндік береді.
Комментарии