Канада тұрғыны Джеффри Вуд бұрынғы Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчилльдің атақты «Арыстандай ақырған» (The Roaring Lion) деп аталатын фотосуретін ұрлағаны үшін екі жылға жуық түрме жазасына кесілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.
Вуд 2021 жылғы Рождество мен 2022 жылдың басы аралығында Оттавадағы Fairmont Château Laurier қонақүйінен түпнұсқа фотосуретті ұрлағанын мойындады. Сот оған екі жылға бір күн жетпейтін жаза тағайындады – бұл жазаның федералдық емес, провинциялық түзету мекемесінде өтелетінін білдіреді.
Черно-белый фотопортретті канадалық армян текті фотограф Юсуф Карш 1941 жылдың желтоқсанында, Черчилль Канаданың парламентінде сөз сөйлегеннен кейін, Оттавада түсірген.
Өткен жылы бұл фотосурет Италияның Генуя қаласындағы жеке коллекциядан табылды — сатып алушы оның ұрланғанын білмеген. Қонақүй қызметкерлері түпнұсқа фотосуреттің жалған көшірмемен ауыстырылғанын тек 2022 жылғы тамызда ғана аңғарған. Италиялық билік фотосуретті Канадаға қайтарды.
Канадалық БАҚ-тың жазуынша, Вуд бұл фотосуретті психикалық денсаулығына байланысты қиындық көріп жүрген ағасына көмектесу үшін ақша табу мақсатында ұрлағанын айтқан.
«Канадалық фотограф түсірген портреттің осындай даңққа ие болуы — ұлттық мақтаныштың нышаны.
Қоғамымызда мұндай туындыларды көпшілікке көрсету үшін сенім элементі бар. Бұл сенім — барша канадалықтар сол туындыларды тамашалай алуы үшін қажет. Мұндай мүлікті ұрлау, бүлдіру немесе заңсыз айналымға жіберу – осы сенімді бұзу болып саналады», — деді үкім шығару кезінде судья Роберт Уодден.
Вудтың адвокаты бұл үкімнің тым қатал екенін, өйткені оның клиенті мұндай қылмысты алғаш рет жасағанын айтты.
Предлагается построить завод по производству сухих строительных смесей и строительных клеев в Шымкенте