Пышақ

6270
Adyrna.kz Telegram

Пышақ негізі екі бөліктен тұрады. Олар: басы және сабы. Басының үшкір жағы ұшы, оған қарсы жағы-жетесі. Пышақтың кесетін, пішетін өткір жағы жүзі, ал оның қарсы жағы сырты деп аталады. Қазақта «пышақ сырты» деген қалыңдық өлшемі бар. Пышақты оң қолға жүзін төмен қарата ұстағандағы сол қол жақтағы қапталы оң қаптал болады. Оң қапталына арнайы қыр қалдыра соғылады. Оны қазинек деп атайды. Қазинек пышақтың қырын қалыңдатып, қатайту үшін қажет.

Жете пышақ сабынан сәл ұзынырақ алынып, саптың дүміне (түбіне) тойтарылса, күш түскен кезде, басы сабынан ажырамайды. Жетесі қысқа болса, пышақ сабын сағағына жақын тұстан тесіп, жетесімен бірге жалғыз шегемен шегелейді. Оны «жетім шеге» деп атайды. Себебі, мал бауыздағанда пышақ жетесі сабынан суырылып кетсе, обал болады. Жетесінен шегеленген пышақты қазақ қалжыңдап«еркек пышақ» немесе «піштірілген» дейді. Пышақ сабының түбіне жетесі тойтарылған соң, металл құрсау кигізіледі. Ол өрнекпен безендіріледі.

 

Пікірлер