Белгілі жазушы Эрнест Төреханов өмірден өтті

927
Adyrna.kz Telegram

Бүгін белгілі жазушы  Эрнест Төреханов өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жазушы Эрнест Төреханов  1943 жылы 12 қарашада Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетінің орыс филологиясы факультетін бітірген.

«Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің корректоры, әдеби қызметкері, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі болған. Ұзақ жылдар «Жазушы», «Жалын» баспаларында, «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеген.

«Наука и высшая школа Казахстана» газетінің бас редакторы қызметін атқарған.

1990 жылдан бері Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, осы қоғамның «Ақ Жарық» - «Белый Свет» атты газетінің бас редакторы қызметін қоса атқарған.

Жазушының алғашқы кітабы - «Хантәңірі» деген атпен 1978 жылы жарық көрген.

Содан бергі уақытта «Алтын шеңбер» повестер мен әңгімелері, «Таудан түскен із» повесі, «Ер кезегі» роман және повесі, «Алыстағы ақ қала», «Алматыда күн ашық», «Ескендір мен Роксана» романдары шыққан.

Пікірлер