АҚШ-тан келген есірткі. Алматылық әйел 16 жылға сотталды

937
Adyrna.kz Telegram

Ақмола көлік прокуратурасы мен Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті АҚШ-тан тұрмыстық тауарлар түрінде есірткі заттарын тасымалдаушыны әшкереледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бас прокуратураның мәліметінше, құқық қорғау органдары АҚШ-тан Қазақстан азаматшасының атына үнемі күмәнді сәлемдемелер келіп тұратынын байқаған. Зерттеу нәтижесінде, әйел тұрмыстық тауарлар түрінде жасырылған есірткі заттарын елге тасымалдап отырғаны анықталды.

Астанадағы Қазпоштаның кедендік бақылау аймағында осындай сәлемдемелердің бірі тәркіленіп, оның ішінен 1,2 келі гашиш майы табылды. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы әйелдің тұрғылықты жерін тінту кезінде 4,38 грамм мефедрон табылды.

Астанадағы сот Қазақстан азаматшасын аса ірі көлемде есірткі контрабандасы және сатуы бойынша кінәлі деп танып, 16 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер