«Абзал «ештеңе айтпаңдар» деді». Шерзаттың сотында үшінші куәгер жауап берді

1451
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі бүгін түстен кейін де жалғасты. Бұл жолы үшінші куәгер Юлдаш Розыбакиев жауап бере бастады, деп хабарлайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Юлдаш Розыбакиев сотталушы Абзал мен Нұрқиясты ғана танитынын, ал қалған сотталушыларды танымайтынын жеткізді.

«Біз сол күні достарымызбен Талғардағы әкімдіктің алдында тұрғанбыз. Кейін Қазыкенов Арланға (куәгердің досы) хабарласып, әңгімелесіп тұрдық. Артынша Данияр есімді досымның анасы хабарласты. Анасы Талғарда төбелес болып жатқанын айтып, біздің қайда жүргенімізді сұрады. Орталықта тұрғанымызды айттық. Оқиға болған жерге үш көлікпен бардық. Біз келгенде екі адам жерде жатты. Көршілері мен 20 шақты адам жүрді. Екі адам арқасымен жатты. Екеуі тірі болған. Артынан Sonata көлігі келіп, сол екі адамды алып кетті. Сол жерде әйел адам қызғылт түсті бас киім мен жасыл түсті гильзяны алып кетті. Олар көлікке отырып, кетіп қалды. Кейіннен полиция мен жедел жәрдем келді. Көршілерінің айтуынша, оқиға орнында мерседес көлігі тұрған»,—дейді куәгер.

Артынша куәгердің досы Арлан сотталушы Нұрқиясқа хабарласуды ұсынған.

«Арланның көлігіне отырып, ауылға қарай кетіп, Нұрқиясты алып кету керегін айтты. Келіп едік, 6-7 адам жүрді. Ол жерде Гольф және қара түсті Мерседес көлігі болды. Келіп амандаса бастадық. Қараңғы болды. Нұрқияс: «Көлікте күтіңдер»,— деді. Бес минуттан кейін бізге келіп «Кеттік» деді. Біздің көлікке Абзал Шынасылов пен бейтаныс қыз отырды. Төмен қарай кеттік. Мерседес көлігі біздің артымыздан келе жатып, бір кезде жоқ болып кетті. Сосын Нұрқияс: «Бұрылып, мерседестің ізіне түс»,— деді. Абзал, Нұрқияс пен бейтаныс қыз көліктен шығып кетіп, Равиль (сотталушылардың бірі) мен тағы бір бейтаныс біздің көлігімізге отырды. Біз төмен қарай түстік, Мерседестің артынан келдік, сол жерде полицейлер жүрді»,—дейді куәгер.

Куәгер көлікте сотталушылар отырған кезде әңгімелерін тыңдамағанын айтты.

«Сотталушылардың іске қатысы барын білмедім. Көлікте отырған кезімізде Шынасыл Абзал: “Ештеңе айтпаңдар”,—деді»,— дейді Розыбакиев.

Пікірлер