Қырғызстан Қазақстанға 600 млн текше метрден астам су жібереді

1091
Adyrna.kz Telegram

Биыл Қырғызстан суару маусымында Қазақстанға 600 млн текше метрден астам су жібереді. Бұл туралы бүгін, 28 сәуірде Су ресурстары және ирригация министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Суару маусымы басталған сәуір айының өзінде-ақ 45 млн текше метр су берілген. Сәуір айының соңынан бастап Қырғызстан Қазақстанға Талас өзені арқылы тағы 400 млн және Шу өзені арқылы 180 млн текше метр су жібермек.

«Министр Нұржан Нұржігітов пен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаев Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық су шаруашылығы құрылымдарын пайдалану жөніндегі қазақ-қырғыз комиссиясының 35-ші отырысында осы жөнінде келісімге келді. Бұл су Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға жұмсалады»,—делінген хабарламада.

Пікірлер