Жамбыл облысында облысындағы Түрксіб бекетінде жүк пойызы рельстен шығып кетті. Оқиға 24 сәуір күні таңғы сағат 05:00 шамасында болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
ҚТЖ зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.
Салдарын жою үшін апат орнына Тараз және Шу бекеттерінен қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Еске салсақ, 20 сәуірге қараған түні пойыз вагонының дәретханасында бір әйел босанып, сәбиді терезеден лақтырып жібергені жайлы ақпарат тараған болатын.