Трамптың мәлімдемесінен кейін. Ресей Киевке шабуыл жасады

862
Adyrna.kz Telegram
Фото: Efrem Lukatsky/AP/picture alliance
Фото: Efrem Lukatsky/AP/picture alliance

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен келіссөздерде жетістікке жеткенін мәлімдегеннен кейін, 24 сәуірге қараған түні Ресей әскері Украина қалаларына шабуыл жасады. Бұл туралы DW сайты жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Киевке шабуыл жасалуда. Әртүрлі бағыттан баллистикалық зымырандармен соққылар жасалды. Сондай-ақ, Ресейдің стратегиялық авиациясынан зымыран ұшырулар тіркелді», – деп жазды Киев әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченко Telegram-арнасында.

Оның айтуынша, Украина астанасының үш ауданында – Голосеев, Шевченко және Святошинда кемінде тоғыз өрт тіркелген. Ткаченко ресейлік шабуыл қаупі алдағы бірнеше сағатта да сақталатынын ескертті.

«Азаматтық инфрақұрылымға соққы жасалды. Жағдай өте күрделі. Орыс әлемінің тынысы толық көрініп тұр», – деді ол.

Киев мэрі Виталий Кличко Telegram-арнасында екі адамның қаза тапқанын, тағы 54 адамның жараланғанын хабарлады. Оның ішінде 38 адам (6 бала) ауруханаға жеткізілген.

Кейінірек Украина Төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі шабуыл салдарынан 9 адамның қаза тапқанын, 63 адамның жараланғанын, оның ішінде 42 адам (6 бала) ауруханаға түскенін хабарлады.

Ресейдің келесі шабуылы Харьков қаласына бағытталды. Қала мэрі Игорь Терехов Telegram-арнасында алғашқы ақпарат бойынша қала жеті зымырандық соққыға ұшырағанын айтты.

«Шабуыл салдары нақтыланып жатыр. Әзірге жараланғандар туралы ақпарат жоқ», – деді ол.

Кейінірек Терехов Харьковтің Новобавар ауданында бір соққыдан кейін көпқабатты үйлердің терезелері сынғанын, сондай-ақ Основян ауданында жеке тұрғын үйлердің бүлінгенін хабарлады. Ол ракеталық шабуылдан кейін қала жойғыш дрондардың жаппай шабуылына ұшырағанын айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер