Аида Балаева «Қазақфильмдегі» дау мен сынға жауап берді

1049
Adyrna.kz Telegram
фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында «Қазақфильм» мен «Қазақанимация» мекемелеріне қатысты сындар мен пікірталасқа жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, аталмыш мекемелерге басшылыққа ең алдымен кәсіби менеджер керек. Ол режиссер немесе актер емес, нақты басқарушылық қабілеті бар маман болуы тиіс.

«Азамат Сатыбалды кеткеннен кейін мен «Қазақфильмнің» менеджментін бақылауға алып, күнделікті жұмысын қадағалап отырмын. Қазір мекеме қаржылық жағынан оң көрсеткішке жетті, бұл – даму бар деген сөз», – деді Аида Балаева.

Сондай-ақ ол «Қазақфильм» басшысы қазақ тілін білмейді деген сынға қатысты өз пікірін білдіріп, нәтиже көрсетіп отырған маманға тіл мәселесі бойынша шабуыл жасауды орынсыз деп атады.

Министр кино мамандары тарапынан айтылып жатқан сындарға қатысты жеке кездесу өткізу туралы ұсынысқа да тоқталып өтті. «Бұл – бітпейтін дау. Әркімнің өз шындығы бар. Сол себепті дауласқаннан гөрі нақты жұмыс істеген дұрыс», – деді ол.

Аида Балаева барша жұртты «Қазақфильмнің» қазіргі жұмысы және жетістіктерімен танысуға шақырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер