Жұлынған қызғалдақпен суретке түскен әкімнің басы дауға қалды

765
Adyrna.kz Telegram

Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі Ләззат Бердібаеваның қызғалдақпен түскен селфиі халық арасында дау тудырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Шенеунік гүлмен түскен суретін әлеуметтік желіге жүктеген. Бірақ бұл әрекет көп ұзамай қоғамдық наразылық тудырған.

Желі қолданушылары мемлекеттік қорғаудағы гүлдерді не себепті әкім жұлды деген сұрақ қойып, түсініктеме талап еткен. Ал әкімнің айтуынша, тюльпандарды қызына демалыс кезінде біреу сыйлаған, әрі ол жерде гүлдерді жұлмау туралы ешқандай ескерту белгісі болмаған.

"Күні кеше түскен сурет. Демалыста балалармен далаға серуенге шықтық. Қандыағашқа қарай Жұрынның қасында трассаның бойында болдық. Балаларым жұлып әкеп берді. Естелікке суретке түстім. WhatsApp статусына салдым. Гүлді танымайды екенмін. Мен оны жұлуға болмайтынын білген жоқпын. Басқа жақта Қызыл кітапқа енген гүлді жұлуға болмайтынын білемін. Елдің бәрі жұлып жатты. Ойымда ештеңе жоқ. Әйтпесе, мен жұлдым, міне, суретке түстім деп нем бар",  – деді Ләззат Бердібаева.

Полицияның хабарлауынша, әкімнің өзі гүлдерді жұлғаны туралы тікелей дәлел жоқ.

"Ақпарат тексеріледі және құқықтық баға беріледі. Табиғатты қорғау инспекциямен суреттегі гүлдің Қызыл кітапқа енгені немесе басқа екені анықталады", – деді облыстық полиция департаменті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер