Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, құран бағыштады

985
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 21 сәуірде Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.

«Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты»,- делінген хабарламада.

 

Пікірлер