Атбасарда ер адам бесінші қабаттан құлап кетті

860
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының Атбасар қаласында ер адам бесінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кадрлардан ер адамның көпқабатты үйдің терезесіне ілініп тұрғаны байқалады. Бір сәтте қолы тайып, төменге құлаған.

Жедел жәрдеммен жеткізілген 34 жастағы азаматтың тірі екені белгілі болды. Алайда дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр екенін хабарлады. Оның барлық ішкі ағзалары мен миы зақымданған.

Қазір науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.

Полиция оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, болған жайттың мән-жайы анықталып, тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы маңында әйел адам терезе жуып жатып, 10-қабаттан құлап кеткен болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер