Түркістанда ЖИ жасаған мультфильм көрерменге жол тартты

2301
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/e421e242-b56c-432b-8bd9-e66b107bb037-960x500.jpeg?token=8fe3fe9e7bf5229512ce21a721d97b4f

«Turkistan» телеарнасы жасанды интеллект арқылы алғашқы анимациялық туынды  дайындады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аниматорлар бұл жобаны «Түркістан сақшылары» деп атаған. Идея авторы — телеарна қызметкері Ғасыр Құралбай. Жасанды интеллект маманы мультфильмнің алғашқы бөлімін небәрі 7 күнде жасап шыққан. Ең қызығы — алғашқы серияға бар-жоғы 70 мың теңге жұмсалған.

Ғасырдың айтуынша, жасанды интеллект бағдарламасының ақылы нұсқасына жазылуға – 100 АҚШ доллары, анимациялық фильмнің саундтрегін жаздыруға 20 мың теңге жұмсалған. Сондай-ақ ол мультфильмнің келесі сериялары дайындалып жатқанын, болашақта кинотеатрларда көрсетілетін толыққанды коммерциялық мультфильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтты.

Фильм кейіпкерлері – Ақпантер жылдам әрі батыл барыс, Алтынқанат – бәрін байқағыш бүркіт, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа. Туынды сюжеті қасиетті қала Түркістанды қауіп-қатерден қорғап, балаларды адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелейтін мифологиялық кейіпкерлердің әрекеттерінен құралған. еуі туралы.

Yorumlar
Diğer Haberler