Қазақстанда қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту қорының капиталы ұлғайтылмақ

1013
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді (ҚӨК) дамыту қорын капиталдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үкімет басшысы атап өткендей, бүгінгі таңда Қордың жарғылық капиталын ұлғайту мәселесі күн тәртібінде тұр. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 120 млрд теңге бөлуге өтінім дайындалды. Сонымен қатар Қытай, БАӘ, Түркия, Катар, Сингапур сынды елдердің инвесторларымен инвестиция тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Саланы техникалық реттеу жүйесін біріздендіру үшін 2024 жылдың қарашасында Сауда және интеграция министрлігі ҚӨК саласындағы техникалық бақылау жүйесін құруға бағытталған Жол картасын бекітті. Онда зертханалық сынақтарға жататын қару-жарақ пен әскери техниканың нақты тізбесін анықтау және 2026 жылға дейін Бірыңғай техникалық бақылау орталығын құру қарастырылған.

Сонымен қатар, Индустрия және құрылыс министрлігі жеке қорғаныс құралдарын сынауға арналған зертхананы құру жұмысын да бастады. Бұл мақсатта 2024 жылғы 23 қыркүйекте «Steel Manufacturing» ЖШС базасында чехиялық Prototypa-ZM, s.r.o. компаниясымен 10 млрд теңгеге технологиялық жабдықтарды жеткізу туралы келісімшарт жасалды. Құрал-жабдықтар 2025 жылдың тамыз айында жеткізіледі деп жоспарлануда. Зертхана 2026 жылдың ақпанында іске қосылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер