Қазақстанның уран экспорты 78 пайызға төмендеді

1008
Adyrna.kz Telegram
Фото: vesti.az
Фото: vesti.az

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан $72,5 млн сомасынадағы өңделген табиғи уранды экспорттады. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 78 пайызға аз, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Бірінші кредиттік бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2025 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы жеткізілім статистикасында шетелге өңделген табиғи уранды экспорттау сомасы $72,5 млн деп көрсетілген. Бұл 2024 жылдың осы айларымен салыстырғанда 78%-ға төмен. Бұл тарихи минимум емес, дегенмен соңғы үш жылда осы кезеңде жүздеген миллион доллар түсіп отырған. Жалпы, мұндай күрт құлдырау 2024 жылғы өте жоғары базамен түсіндіріледі. Ол көрсеткіш кемінде соңғы онжылдықтағы ең жоғары деңгейде болды», – делінген хабарламада.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың басында уранның негізгі экспорттық бағыттары Франция мен Ресей болған. Алайда биыл Ресейге жеткізілім толықтай тоқтаған (2024 жылы көлемі $195,6 млн болған), ал Франция уран сатып алуын 60%-дан астам қысқартқан.

Пікірлер