Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазақстандықтардың оның жаңа хиті – «Бір аспанның хикаясы» әнін қызу талқылап жатқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы әнші 15 сәуір күні Instagram парақшасында жазды.
«Сәлем, достар! Бүгін әлеуметтік желілерде жерлестерімнің «Бір аспанның хикаясы» туындымды қызу талқылап жатқанын білдім. Айтады ғой, егер сені мазақтаса – демек, сен тірісің және қызықсың. Шығармашылық әзілдеріңіз бен көңіл бөлгендеріңіз үшін рахмет. Ал менің әлемдегі сүйікті тыңдармандарыма – әрдайым мені қорғап, шынайылық пен жақсылықты жақтағандарыңыз үшін үлкен рахмет. Сіздердің сөздеріңіз мен үшін – нағыз музыкадай. 26 мамырда Алматыда өтетін D&Dears кешінде жолығайық. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымда», – деп жазды Димаш.