Жансақтау бөлімінде. Павлодарда 2 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

538
Adyrna.kz Telegram
Фото: http://ukropnews24.com
Фото: http://ukropnews24.com

Павлодарда бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен екі жасар бала құлап кетті. Қазір сәби жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қайғылы жағдай бүгін, 13 сәуір күні орын алды. Бұл туралы өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова мәлімдеді.

"Бүгін, 13 сәуірде Павлодарда ұл бала қонақта болған үйдің бесінші қабатынан құлап кетті. Ол көптеген жарақаттармен ауыр хәлде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Биыл бұл – облыстағы балалардың терезеден құлауына байланысты тіркелген алғашқы оқиға", – деді омбудсмен.

Жасы екі жас 11 ай болған баланы жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізген.

"Балаға кататравма, жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы және ми соққысы мен басқа да жарақаттар диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта толық медициналық тексеру жалғасып жатыр", – деп хабарлады аурухана өкілдері.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер