«Самұрық-Қазына» қорының үшінші креативті хабы Оралда ашылды

1057
Adyrna.kz Telegram

Жобаға компаниялар тобының қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» қоры 211 миллион теңге бөлді. Бұл қаржы ғимараттың дизайнына, кеңістікті заманауи жиһазбен және жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықтауға жұмсалды. Нәтижесінде «OzgeEpic Oral» хабында театр және көрме залдары, музыкалық, анимациялық дыбыс жазу студиялары, коворкинг алаңдары мен білім беру аймақтары пайда болды. Мұнда шеберлік сабақтары, көрмелер мен мәдени іс-шаралар тұрақты түрде өтіп, жаңа жобалар жүзеге асырылады. 

«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен осыған дейін креативті орталықтар Ақтөбе мен Петропавлда ашылды. 

Соңғы төрт жылда «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы атынан БҚО-да 1,5 млрд теңге болатын 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Атап өтейік, креативті хаб Мәдениет және ақпарат министрлігі  және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі  бастамасымен, «Самұрық-Қазына» қолдауымен және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компанияларының серіктестігі негізінде ашылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер