ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Ғылым күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

1027
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/7c4209ae-ef46-4bfd-9bdb-1996a9540234-960x500.jpeg?token=0ea08651c48c5c0d73c007e346408cc5

Бүгін Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған ірі салтанатты іс-шара өткізді.

Іс-шара отандық ғылым саласындағы жетістіктерді дәріптеу, ғылыми қызметкерлердің еңбегін мойындау, сондай-ақ жас ғалымдарды ынталандыру және олардың инновациялық бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Бағдарлама аясында:

Маңызды тарихи сәт – «Сәтбаев сакураларын» отырғызу:

Ғылым ордасының ауласында ерекше символдық мәнге ие «Сәтбаев сакураларын» жаңғырту рәсімі ұйымдастырылды. Бұл бастама – қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу ғана емес, сонымен қатар еліміздің ғылым тарихына құрмет пен тағзым белгісі. Сакура ағаштарын алғаш осы жерде академик Қаныш Сәтбаевтың құрметіне өткен ғасырдың 60-шы жылдары жапон делегациясы отырғызғаны белгілі.

Салтанатты отырғызу рәсіміне академиктер, депутаттар, жапондық делегациясы мүшелері, ғылыми қоғамдастық белсенділері қатысты.

Комментарии