Kaspi.kz депозит бойынша мөлшерлемені көтереді

935
Adyrna.kz Telegram
Фото: kaspi.kz
Фото: kaspi.kz

Kaspi.kz 10 сәуірден бастап Kaspi Депозит пен Kaspi Pay Депозиті бойынша сыйақының тиімді мөлшерлемесін 14%-дан 15%-ға дейін көбейтеді.

Мөлшерлеме бұрын ашылған және жаңа депозит үшін автоматты түрде көбейеді. Kaspi.kz депозиттері – еліміздегі ең танымал депозиттердің бірі. Қазақстандықтар мен қазақстандық компаниялар Kaspi.kz-ке 6 триллион теңгеден астам қаржыны сеніп тапсырды.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялық қызметтердің негізінде – 15 миллионға жуық қазақстандық қолданып, электронды коммерция, төлемдер мен қаржылық қызметтердің алдыңғы қатарлы сервистерін біріктіретін елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр.

Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар тегін жеткізу арқылы онлайн тиімді сауда жасап, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражатын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турларды рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнесті дамыту үшін Kaspi Pay суперқосымшасын жасады. Оны қазір 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер қолдануда. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық коммерция және жеткізу платформаларына қосылып, өз тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер