Бүгін Мәжіліс депутаттары палатаның пленарлық отырысында жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Салық кодексі жобасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер саны, сондай-ақ салықтық жеңілдіктерді қысқарту қарастырылған.
Банктік сектор үшін корпоративтік табыс салығының ставкасы 25%, ойын бизнесі үшін – 25%, әлеуметтік сала үшін – 10%, өңдеу өнеркәсібі үшін – 10%, ауыл шаруашылығы үшін – 3% болады.
Негізгі ставка 20% деңгейінде қалады.
Қазіргі арнайы салық режимдері өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін, қарапайым декларация негізінде және шаруа немесе фермерлік шаруашылықтар үшін деп үшке қысқартылатын болады.
Жеке тұлғаларға салық салу бөлігінде бірегей жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын алып тастау ұсынылады. Сондай-ақ, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 30 АЕК мөлшерінде жалақыдан негізгі салықтық шегерім енгізу қарастырылған.
Сонымен қатар, бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан жеке тұлғалардың табыстарын салық салу тәртібі қайта қаралып, 10 жылдан асқан автокөліктерге салық сомасы 30%, 20 жылдан асқан көліктерге 50% төмендетілуі ұсынылады.