32 млн теңге. Алматы зообағының есепшісі де ақша жымқырды деген күдікке ілінді

931
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/1705038363w576k_1000x768-960x500.png?token=560ee5c2b67391ce62797bac43e54db9
Алматы қаласындағы хайуанаттар бағында жұмыс істеген есепші-кассир 32 миллион теңгеден астам қаржыны иемденді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Медеу аудандық прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Тергеу материалдарына сәйкес, азаматша Н. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап 2016 жылдың қазан айына дейін көрсетілген қызметтер үшін сатылған билеттер туралы мәліметтерді компьютерден өшіріп, түскен қаражатты қалтасына басып отырған. Жымқырылған сома 32 миллион 390 мың теңгеден асқан. "16 тамызда Алматы қаласы Медеу ауданы №2 сотының санкциясымен "Алматы зоологиялық бағына" тиесілі аса ірі көлемдегі қаржыны жымқырып, иемденді деген күдікке ілінген азаматша Н-ға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды", – делінген прокуратура хабарламасында. Қазіргі уақытта оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы – “Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету” және 241-бабы – “Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу” баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Комментарии