Оңтүстік Кореяда Юн Сок Ёльді қолдаушылар митингіге шықты

726
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Кореяда бұрынғы президент Юн Сок Ёльді қолдаушылар митинг өткізіп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Yonhap агеттігіне сілтеме жасап.

Сеул қаласында наразылық танытушылар импичмент туралы шешіммен келіспейтіндерін білдіріп, саясаткерді ел басшысы қызметіне қайтаруды талап етуде.

“Конституциялық сот шешім шығарғаннан кейінгі келесі күні Сеул орталығындағы Кванхвамун алаңына мыңдаған консервативті топ өкілдері жиналды. Полицияның бағалауынша, сенбі күні өткен наразылық шарасына шамамен 18 мың адам қатысқан”, – делінген агенттік хабарламасында.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты президентке импичмент жариялау шешімін 4 сәуірде мақұлдаған болатын. Осылайша Юн Сок Ёль қызметінен ресми түрде шеттетілді. Президент сайлауы 60 күн ішінде өтуі тиіс. Ол 2025 жылдың 3 маусымына жоспарланып отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер