207 млн теңге мақсатсыз жұмсалған. Жоғары аудиторлық палата аудит қорытындысын жариялады

750
Adyrna.kz Telegram

Жоғары аудиторлық палата жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын жаңғырту барысында бюджет қаражатын ұтымсыз жұмсау фактілерін анықтды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Заң бұзушылықтар аудит жүргізу барысында анықталған.

— 2023-2024 жылдары сенім білдірілген агенттің шығындары шеңберінде бюджет қаражатынан талдамалық көрсетілетін қызметтерге ақы төленген. Ал бұл Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен «Қазақстандық тұрғы үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-ның тікелей функционалы. Жалпы 2 жыл ішінде 207 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған. Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасын орындау шеңберінде жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын жаңғыртуға республикалық бюджеттен шығыстарды қалыптастыру кезінде 2025 жылдан бастап аталған қызметтер үшін қаржыландыру бөлінбейді, — делінген Жоғары аудиторлық палатаның хабарламасында.

Сондай-ақ, 2024 жылға арналған бюджетті түзету кезінде үнемделген 84,4 млн теңге мемлекет қазынасына қайтарылды.

Пікірлер