Шерзат Полаттың өлімі. Алдын ала сот тыңдалымы қашан өтетіні белгілі болды

1282
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/photo-output-35-960x500.jpeg?token=933260006f2e6c539c7a61b2595c4120

Талғарда жанжал кезінде пышаққа түсіп мерт болған Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істің алдын ала сот тыңдалымы 10 сәуірде өтеді.  Бұл туралы іс бойынша жаңа қорғаушы Мейірман Шекеев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, сот отырысы Талдықорған қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Бұл шешімге күдіктілердің көпшілігінің осы қаладағы уақытша ұстау изоляторында отырғаны себеп болған.

Қорғаушы талап-арыз сомасы нақты белгіленбегенін атап өтті.

«Біз барлық күдіктіге қатысты азаматтық талап-арыз береміз»,–деді ол.

Комментарии