Ғасыр келісіміне жол. Қырғыз басшысы Тәжікстанға сапарлады

1146
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/photo-output-44-960x500.jpeg?token=492f2e78f16eeefe5062cb22f018e4e0

Бүгін, 31 наурызда  Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Худжанд қаласына (Тәжікстан) жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қырғыз басшысын Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қарсы алды. Сапар аясында Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерінің үшжақты саммиті өтеді деп жоспарланып отыр. Кездесудің негізгі мақсаты — үш ел арасындағы мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктесі туралы шартқа қол қою.

Мемлекет басшылары қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қаратылған ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

Комментарии