Путиннің автопаркіндегі лимузин өртенді. Кремль түсініктеме берген жоқ

671
Adyrna.kz Telegram

Мәскеу орталығында, Лубянкадағы Федералдық қауіпсіздік қызметі ғимаратының маңында Ресей президенті Владимир Путинге тиесілі болуы мүмкін лимузиндердің бірі жарылып, өртенді. Бұл туралы сербиялық «Курьер», британдық Sun және немістің Bild басылымдары жазды, жеп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Aurus Senat» маркалы арнайы автокөліктің (құны шамамен 330 000 еуро) қозғалтқыш бөлігінен шыққан өрт салонға тараған. Жарияланған кадрларда жақын маңдағы мейрамханалар мен барлардың қызметкерлері көшеге жүгіріп шығып, өрт сөндірушілер келгенге дейін жалынды өшіруге тырысқаны көрінеді. Жанып жатқан көліктің алдыңғы бөлігінен қою қара түтін шыққан.

Басылымдардың мәліметінше, лимузин Ресей президентінің активтерін басқару жөніндегі ведомствоға тиесілі. Қазіргі уақытта көлікте біреудің болған-болмағаны белгісіз, ал Ресей билігі бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Sun басылымының хабарлауынша, жуырда Ресей президенті Мурманскіге барған кезде түсірілген видеода Федералдық күзет қызметінің (ФҚҚ) офицері құрметті қарауылдағы әрбір әскери қызметкерді мұқият тексеріп, жасырын қару немесе жарылғыш заттардың бар-жоғын анықтаған. Тексеріс аяқталғаннан кейін ғана Путин белгісіз сарбаздың қабіріне гүл шоғын қою рәсімін өткізген. Газеттің мәліметінше, құрметті қарауылға патроны жоқ мылтықтар берілген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер