Израиль Рафах қаласында құрлық операциясын бастағанын хабарлады

1127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/gaza-men-izrail-960x500.jpeg?token=4e67de33042f9896f8044730cbea28c6
Израиль билігі Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында құрлық операциясын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24KZ-ке сілтеме жасап. Израиль Қорғаныс армиясының ресми Telegram-каналында бұл операция аймақтағы қауіпсіздік аймақтарын кеңейту мақсатында жүргізіліп жатқаны айтылған. Сондай-ақ, әскери әрекеттер барысында ХАМАС қозғалысының инфрақұрылым нысандары жойылғаны хабарланды. Израиль әскері  басқа қалаларға әуе соққыларын жалғастыруда. Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, соңғы тәулікте бұл шабуылдар салдарынан 24 палестиналық қаза тапқан. Еске салайық, Израиль 18 наурызда ХАМАС-қа қарсы әскери қимылдарын қайта жалғастырған болатын. Бұл шешім ХАМАС қозғалысының тұтқындарды босатудан бас тартып, бітімге келу туралы жаңа келісімді қабылдамауына байланысты қабылданған.
Комментарии