Шерзат Полаттың өлімі. Қылмыстық іс сотқа түсті

506
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/photo-output-35-960x500.jpeg?token=933260006f2e6c539c7a61b2595c4120

Талғарлда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Енді жәбірленушілердің мүдделерін жаңа заңгерлер тобы қорғайтын болады. Ал бұған дейінгі қорғаушылар – Саида Таукелова мен Айтбек Амангелді іске қатыспайды.

Жәбірленушілердің адвокаты Жандос Палмановтың айтуынша, қылмыстық іс айыптау актісі негізінде Алматы облысының прокуратурасы арқылы сотқа жіберілген.

«Қылмыстық іс айыптау актісі негізінде сотқа жолданды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, істің басқа мәліметтері жарияланбайды. Дегенмен жаңа қорғаушылар тобы прокуратура арқылы істің көшірмесін сұратып алды», – деді Палманов.

Сот 62 томдық қылмыстық іс материалын қабылдағанын растады.

Шерзат Полаттың отбасын қорғайтын адвокаттар:

Мейрман Шекеев

Алим Мұстафаев

Бекзат Миязов

Жандос Палманов

Багдат Амандосұлы

Нурболат Ибраев

Дина Досаева.

Сот кабинеті деректеріне сәйкес, істің материалдары 26 наурызда түскен. Қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың саны – тоғыз.

Бұған дейін іс бойынша 11 айыпталушы бар екені хабарланған болатын.

Комментарии