Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымы Бас хатшысының орынбасарлығына ұсынылған Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қарасты Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады. Бұл туралы бүгін, 17 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі
Президент Волковты Халықаралық орыс тілі ұйымы бас хатшысының орынбасары қызметіне ұсынылуына байланысты қабылдады.
Аталған құрылым мүше мемлекеттермен гуманитарлық бастамаларды ілгерілету, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған. Ұйымның Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан секілді алты құрылтайшысы бар.