Алмасадам Сәтқалиев Ядролық энергетика агенттігін басқара ма?

1156
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/a7e8bcc5-0e7b-4538-a489-3bb5322c88a9-960x500.jpeg?token=89ee51d870653f837cdbccb72f2bec37
Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңадан құрылатын Ядролық энергетика агенттігінің басшысы болып тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп. Сәтқалиевтің орнына "QazaqGaz" ұлттық компаниясының басшысы Санжар Жәркешов Энергетика министрі қызметіне келеді деп болжануда. Бұл ақпаратты үкіметке жақын БАҚ пен пабликтер таратқан. Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 наурызда Қазақстанда Ядролық энергетика агенттігін құру туралы мәлімдеген еді. Жаңа агенттік елдегі атом энергетикасының дамуымен айналысады.
Комментарии