Ақтау әкімінің орынбасары қызметке тағайындалып, бір күннен кейін қызметінен кетті

1137
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/whatsapp-image-2025-03-13-at-16.27.12.jpeg
 3 наурызда Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов 4 наурызда өз еркімен қызметтен кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Әсет Шопанов – Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің түлегі. Ол 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы ретінде еңбек жолын бастаған. 2003-2018 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінде әртүрлі қызметтер атқарған. 2018-2020 жылдары Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында қызмет еткен. 2020-2022 жылдары басқарма басшысының орынбасары болды. 2022-2024 жылдары басқарма басшысы қызметін атқарды. Жергілікті БАҚ дерегінше, 2024 жылдың мамыр айында Әсет Шопанов мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Сот шешімі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Маңғыстау облысы әкімдігі оған қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданған. Әсет Шопановтың неліктен қызметінен кеткені туралы ресми ақпарат жоқ.
Комментарии