Прагада “Шыңғыс хан” көрмесі ашылды

684
Adyrna.kz Telegram
Фото: МОНЦАМЭ
Фото: МОНЦАМЭ

Чехия мемлекетінің ұлттық музейінде “Шыңғыс хан” көрмесінің ашылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы МОНЦАМЭ-ге сілтеме жасап. 

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух Чехия Республикасына сапары аясында көрменің ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі.

Көрменің ашылу рәсіміне екі елдің жоғары лауазымды өкілдері қатысты. Ол 2025 жылдың 10 наурызынан 22 маусымына дейін келушілер үшін қолжетімді болады.

Экспозицияда Моңғолияның “Шыңғыс хан” ұлттық музейі мен Ғылым академиясының Археология институтынан алынған 698 артефакт қойылған.

2023 жылы Францияның Нант қаласында, ал 2024 жылы Ұлан-Батырда “Шыңғыс хан: Моңғолдар әлемді қалай өзгертті” атауымен өткен көрме сирек әрі қызықты экспонаттармен толықтырылып, енді “Шыңғыс хан” атауымен ұсынылды.

Бұл көрме Моңғолияның Прагадағы мәдени мұрасына арналған алғашқы тәуелсіз көрмесі.

Сондай-ақ, ашылу рәсімі барысында Моңғолия ғылым академиясының президенті Содномсамбуугийн Дэмбэрэл мен Чехия Ұлттық музейінің бас директоры Михал Лукеш Прагада 2027 жылы 65 экспонаттан тұратын динозавр көрмесін бірлесіп ұйымдастыру жөнінде келісімге қол қойды.

Пікірлер