Мирзиёвтің Францияға сапары ЮНЕСКО бас хатшысымен кездесуден басталды

646
Adyrna.kz Telegram
Фото: president.uz
Фото: president.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Франция президенті Эммануэль Макронның шақыруымен Парижге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы president.uz сайтына сілтеп. 

Өзбекстан президентін Францияға келген сәтте оны ресми өкілдер мен Париж әскери округінің қолбасшылығы салтанатты түрде қарсы алды. Сондай-ақ, Өзбекстан делегациясы орналасқан резиденцияда оқып, жұмыс істеп жүрген өзбек жастары қарсы алды.

Шавкат Мирзиёев ЮНЕСКО бас директоры Одри Азулемен кездесіп, мәдени және білім беру салаларындағы бірлескен жобалар талқыланды.

 Өзбекстан бастамасымен ақпаратқа қолжетімділік және балалар білім беру мәселелері бойынша қарарлар қабылданды. Бұхара қаласы ЮНЕСКО-ның "Шығармашылық қалалар желісіне" қосылды, ал Самарқандтағы Жібек жолы университетінде ЮНЕСКО кафедрасы ашылды.

Биылғы жылы Өзбекстан ЮНЕСКО-ның 43-ші Бас конференциясын қабылдайды. Бұл маңызды жиын ұйымның 80 жылдығына орай алғаш рет Парижден тыс жерде – Самарқанда өтпек.

ЮНЕСКО-ның арнайы тізіміне Тұран шөлдері, Зарафшан-Қарақұм дәлізі, жібек шаруашылығы өнері, керамика, рубабта ойнау дәстүрі, ифтар рәсімі және "Бұхара әмірінің кеңсе мұрағаты" сынды мәдени мұралар енгізілді.

Кездесу барысында тараптар практикалық ынтымақтастықты кеңейту, мәдени және білім беру жобаларын дамыту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Пікірлер