Грузия соты бұрын сотталған экс-президентті тағы да соттады

267
Adyrna.kz Telegram
Фото: freepik
Фото: freepik

Грузия соты мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталған экс-президент Михаил Саакашвилидің түрме мерзімін тоғыз жылға ұзартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның адвокаты Дито Садзаглишвили Тбилиси қалалық соты бастапқы алты жылдық жазаға қосымша үш жыл қосқанын мәлімдеді.

Грузия соты Саакашвилиді 2004-2013 жылдар аралығында мемлекет бюджетінен тоғыз миллион лари (шамамен 3,2 миллион доллар) жымқырды деп таныды. Адвокат бұл айыптауларды «ойдан құрастырылған» деп атады.

2018 жылы 57 жастағы Саакашвили билікті асыра пайдаланды деген айыппен сырттай алты жылға сотталған. Құқық қорғау ұйымдары бұл үкімнің саяси астары бар деп санайды. 2021 жылы ол Украинадан Грузияға оралғаннан кейін қамауға алынды.

2022 жылдан бері экс-президент Тбилисидегі Vivamed ауруханасында ем қабылдап келеді. «Ол бірнеше созылмалы аурумен ауырады, жағдайы кейде нашарлап кетеді», – деді клиника директоры Зураб Чкаидзе.

Бұған дейін Еуропарламент Саакашвилиді дереу босатуға шақырса, Украина президенті Владимир Зеленский оны Киевке экстрадициялауды талап еткен. Айта кетейік, Саакашвили 2019 жылдан бастап Украина азаматы.

Жаңа сот үкіміне сәйкес, оның жазасы 2021 жылдың 1 қазанынан бастап есептеледі, яғни ол 2030 жылдың 1 қазанында ғана бостандыққа шыға алады. Сонымен қатар, оған 2007 жылдың 7 қарашасындағы оқиғалар мен шекараны заңсыз кесіп өтуге байланысты тағы бірнеше қылмыстық іс қозғалған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Пікірлер