22 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астанада әскери авиацияның жаттығу ұшуларына байланысты әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеулер қойылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл шектеулер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың дайындық және өткізу кезеңімен байланысты.
"Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Жолаушыларға рейстер жайлы алдын ала ақпарат алып отыруды ұсынамыз", – деп мәлімдеді министрлік.
Қорғаныс министрлігі енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.