Шымбұлақта халықаралық фрирайд жарысы өтеді

600
Adyrna.kz Telegram

2024 жылдың 13 наурызында Алматыдағы Шымбұлақ тау курортында екінші рет халықаралық Shymbulak Freeride Week Qualifier жарысы өтпек. Бұл әлем бойынша ұйымдастырылатын Freeride World Tour Qualifier іріктеу кезеңдерінің бірі.

Жарыста қатысушылар шаңғы және сноуборд санаттары бойынша (ерлер мен әйелдер арасында) сынға түседі. Биылғы сайысқа 95 спортшы тіркелген. Олардың қатарында Австралия, Италия, Қытай, Иран, Қырғызстан, Латвия, Польша, Ресей, АҚШ, Тайбэй, Франция және Жапония елдерінің өкілдері бар.

Жарыстар өтетін аймақ:
Биылғы FWQ 2 жұлдызды кезең «Школьник» шыңының беткейінде ұйымдастырылады.

FWT жарыстары желінің күрделілігі, техника, бақылау, секіру, флюидтік  критерийлері бойынша бағаланады.

Freeride World Qualifier – түрлі деңгейдегі іріктеу кезеңдерінен тұратын жарыс. Оған қатысушылар 1, 2, 3 және 4 деңгейлеріндегі турнирлерде ұпай жинайды. Деңгей жоғары болған сайын, жүлделі орын алған спортшыларға көбірек рейтингтік ұпай беріледі. Маусым соңында үздіктер Freeride World Tour (FWT) жарысына жолдама алады.

Shymbulak Freeride Week Qualifier – фрирайд спортының элитасына өту мүмкіндігі, ал Freeride World Tour – тек үздік райдерлер сынға түсетін жоғары деңгейдегі әлемдік жарыс.

Пікірлер