Алматы облысында есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктілер өздеріне тиесілі 10 сотық жерде бір тоннаға жуық қарасора өсірген.
Арнайы операция барысында үш адам ұсталды. Олардың жалға алған үйінің аумағынан қарасора өсіруге арналған 10 сотық жылыжай табылды.
"Заңсыз айналымға түспей, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 900 келіні құрады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
ІІМ мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері заңсыз айналымнан екі тоннадан астам есірткі тәркіленген. Оның ішінде 120 кг синтетикалық есірткі, 600 грамм кокаин және 140 кг-нан астам гашиш бар.