Канададағы билеуші партияның жаңа жетекшісі болып 59 жастағы бұрынғы орталық банк басшысы Марк Карни сайланды. Ол қаңтарда биліктен кететінін мәлімдеген Джастин Трюдоның орнын алмастырады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Карни Трюдоның үкіметіне кірмеген партия көшбасшылығына жалғыз үміткер болды. Дауыс беру нәтижесінде 85,9% қолдауға ие болды. Ол АҚШ тауарларына қарымта тариф енгізіп, инвестицияларды дамытатуға уәде беріп отыр.
Карни Ішкі партиялық сайлаудағы жеңісінен соң жасаған алғашқы мәлімдемесінде Канаданың ешқашан АҚШ-тың бір бөлігі болмайтынын мәлімдеді.
«Америка – Канада емес. Ал Канада ешқашан АҚШ-тың бөлігі болмайды. Бұл дауды біз бастаған жоқпыз. Еліміз саудада да, хоккейде де жеңіске жететін болады»,—деді ол.
Айта кетейік, Марк Карни – 2008-2013 қаржы дағдарысы жылдары Канада банкін басқарған экономист. Кейін ол Англия банкін басқарды және Трюдоның экономика жөніндегі кеңесшісі болды.